Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы Алматы қаласында өткен «GLOBAL HEALTH» VII халықаралық...

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы Алматы қаласында өткен «GLOBAL HEALTH» VII халықаралық конгресіне қатысты

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы Алматы қаласында өткен «GLOBAL HEALTH» VII халықаралық конгресіне қатысты
2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында «ҚДЖМ» қазақстандық медицина университетінің 25 жылдығына және ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасында келісімге қол қоюға арналған «Global Health» VII Халықаралық конгресі өтті.

Халықаралық конгресс аясында денсаулық сақтау, клиникалық медицина, фармация, зертханалық диагностика және медициналық білім мәселелері қаралды. 
Конгреске ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының атынан PhD докторы, денсаулық сақтау технологияларын бағалау және стратегиялық даму орталығының жетекшісі Андрей Авдеев баяндама жасады. 

- «Қазақстандағы денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалауды дамыту: мүмкіндіктері мен болашағы» тақырыбындағы баяндама госпитальдық бағалау жүйесі және клиникалық-экономикалық талдаудың әдістемелерінің жеке тәжірибесі туралы болды. Республиканың денсаулық сақтау ұйымдарының практикасында госпитальдық ДТБ қағидаттарын пайдаланудың ағымдағы жағдайы талқыланды, - деп түсіндірді А. Авдеев.

Іс-шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Ғылым және жоғары білім министрлігінің, денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық университеттердің өкілдері, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерден сарапшылар қатысты.