Басты бетМЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ GPP СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ GPP СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ GPP СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

Медициналық орталық ауруханасының дәріханасы ҚР ПІБ жүйесінде бірінші болып дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестік сертификатын алды.

GPP – әлемнің барлық дамыған елдерінің дәріханалары ұстанатын халықаралық стандарт. Дәріхана ұйымдарының GPP стандарттарына өту талабы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде бекітілген.

МОА дәріханасы 1997 жылдан бастап жұмыс істейді. Дәріхана қызметіне Аурухананың құрылымдық бөлімшелерін дайын дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сату қағидалары бойынша белгіленген нормативтік актілердің талаптарын сақтау, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қабылдау, сақтау және беру, сондай-ақ дәріхана мен Аурухана бөлімшелерінде фармацевтикалық тәртіптің сақталуын бақылау жатады.