«UzMedExpo» көрмесі – медициналық техника мен жабдықтардың, дәрі-дәрмектердің, заманауи шығын материалдарының, медицина саласындағы инновациялық тауарлар мен қызметтердің жаңа әзірлемелерімен таныстыруға арналған нысаналы алаң. Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Германия, Үндістан, Ресей, Түркия және Швейцария компаниялары қатысуда. Келушілер «UzMedExpo-2022» көрмесі өтетін 3 күнде компаниялар өнімдерінің мүмкіндіктері мен функциясы, оның ішінде дистрибьюторлар мен медициналық жабдықтарды өндірушілер – ірі әлемдік өндірушілердің серіктестері туралы ақпаратты стендтерден көріп, бағалай алады.
«UzMedExpo» халықаралық көрмесі МОА медициналық қызметімен таныстыруға қосымша мүмкіндік туғызып, медициналық туристер санының артуына септігін тигізеді.