Сапар барысында жаңа медициналық технологияларды, емдеу стандарттарын енгізу бойынша өзара тәжірибе алмасуды, сондай-ақ телемедициналық технологиялар арқылы пациенттерге бірлескен консультация беру мен емдеуді қамтитын Серіктестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сапар нәтижесінде тараптар «Клиникадағы клиника» жобасын одан әрі бірлесіп іске асыруға, созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан кардиологиялық бейіндегі пациенттерді, гастроэнтерологиялық бейіндегі пациенттерді емдеуді талқылау және тәжірибе алмасу үшін, диагностика мен емдеудің жаңа халықаралық хаттамаларын енгізу бойынша тәжірибе алмасуға арналған бірлескен дөңгелек үстел өткізуге уағдаласты. Сонымен қатар, МОА кардиохирургтары мен аритмологтарының Лейпциг қаласының Кардиология орталығы базасында тағылымдадан өтуі жоспарланды.