Басты бетӨзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында «Samsung Medical Center» клиникасы мен «Medical Avenue» компаниясы (Сеул қ., Оңтүстік Корея) делегациясының сапары өтті.

Кездесу барысында жаңа медициналық технологияларды тарату, апробациялау және енгізу, МОА базасында «Клиникадағы клиника» жобасын бірлесіп іске асыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу бойынша өзара тәжірибе алмасуды көздейтін серіктестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Профессор Ли Джонг Он  («Samsung Medical Center») Медициналық орталығы ауруханасының онколог дәрігері Кенжебек Ахметовпен бірлесіп «Сүт безінің қатерлі ісіктері» диагнозы бар пациенттерге консультациялар өткізді. Оның нәтижесі бойынша профессор Ли Джонг Он  жүргізілген диагностикалық және емдеу іс-шараларына оң баға беріп, қаралған пациенттерге одан әрі ем жүргізу бойынша ұсынымдар берді. 
Бұған қоса МОА дәрігерлеріне, сондай-ақ өңірлік медициналық ұйымдарының дәрігерлеріне «Оңтүстік Кореядағы сүт безі ісіктерін диагностикалау мен емдеудің ерекшеліктері» тақырыбында дәріс өтті (офлайн/онлайн). Дәріске Нұр-Сұлтан қ. МОА және медициналық ұйымдардың 25 дәрігер, онлайн режимде Алматы, Павлодар, Екібастұз, Атырау, Петропавл, Орал, Қарағанды және т. б. қалаларынан 50 дәрігер қатысты.

Сапар қорытындысы бойынша «Клиникадағы клиника» жобасын одан әрі бірлесіп іске асыруға, Samsung Medical Center базасында медициналық қызметтерді алған қазақстандық пациенттерді МОА-да диагностикалау және емдеуге жіберу, сондай-ақ Samsung Medical Center базасында терапиялық мамандықтар бойынша тағылымдамалар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша «Samsung Medical Center» компаниясы ҚР ПІБ МО Ауруханасы басшылығына серіктестік растайтын ресми сертификатты табыстады.