Шеберлік сыныбы аясында аурухана дәрігерлеріне келесі тақырыптар бойынша дәріс берілді: «Паркинсон ауруының диагностикалық критерийлері. Хирургиялық емдеудің мүмкіндіктері»; «Әр түрлі дистониялардың феноменологиясы және диагностикалық ерекшеліктері. Мидың терең стимуляциясына іріктеу критерийлері»; «Тремор. Феноменология. Диагноз қоюдағы практикалық әдістер. Тремордың әртүрлі түрлерін хирургиялық емдеу».
Шебердік сыныбы аясында сондай-ақ, 67 пациент үшін консультациялар өткізілді, олардың 1/3-і бұрын МОА-да операциялық ем алған пациенттер. Операцияның әсерін бақылау және нейростимуляция параметрлерін реттеу жүргізілді. Консультация алу үшін жүгінген пациенттердің негізгі бөлігі (50-ге жуық) Паркинсон ауруына шалдыққан, қалғандары паркинсонизм, дистония және тремор түрлерімен ауыратын пациенттер. Пациенттерді қарап-тексеру нәтижесінде доктор Матвей Скорванек Паркинсон ауруына шалдыққан пациенттердің симптомдары МОА-да консервативтік ем алуларына байланысты теңгерілгенін атап өтті.
Матей Скорванекпен Медициналық орталық дәрігерлері бірлесіп неврология саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі бойынша одан әрі ынтымақтастық жоспарларын белгіледі. Шеберлік сыныбына МОА 5 невролог дәрігері, 2 UMC резиденті және Ақтау қаласының медициналық ұйымынан 1 дәрігер қатысты.