Басты бетМемлекет басшысы Ядролық медицина орталығын аралады

Мемлекет басшысы Ядролық медицина орталығын аралады

Мемлекет басшысы Ядролық медицина орталығын аралады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының жақында пайдалануға берілетін жаңа объектілері – Ядролық медицина орталығы мен Емдік-диагностикалық блогын аралады.

Ядролық медицина орталығында радиофармацевтикалық препараттарды, оның ішінде біздің елімізде бұрын болмаған радиофармпрепараттарды өндірудің тұйық циклы құрылады және онкологиялық аурулар кезінде диагностикалық зерттеулер жасалып, кардиологиялық және неврологиялық ауруларды да ерте кезеңде айырып тануға мүмкіндік береді.  
 
Медициналық орталығы ауруханасының жаңа Емдік-диагностикалық блогында күрделі ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу мен оңалтудың дербес тәсілдерімен 7 терапиялық бөлімше жұмыс істейтін болады. Медициналық қызметтер МӘМС, ТМККК шеңберінде де, ақылы негізде де қазақстандықтарға қолжетімді.

Толығырақ: Мемлекет басшысы Ядролық медицина орталығына барды — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты (akorda.kz)