Басты бетСловакиядан келген невролог пациенттерді тегін қабылдайды

Словакиядан келген невролог пациенттерді тегін қабылдайды

Словакиядан келген невролог пациенттерді тегін қабылдайды
2022 жылғы 9-11 тамызда M.D, Ph.D., қауымдастырылған профессор, Луи Пастер атындағы Университеттік Аурухананың невролог дәрігері Матей Сковарнек қозғалыс жүйесінің бұзылысы, Паркинсон ауруы, дистония және тремор ауруы бар барлық ниет білдіруші пациентті ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында тегін қабылдайды.

Матей Сковарнек – Еуропаның болашағынан көп үміт күттіретін неврологтарының бірі, Луи Пастер Университеттік Ауруханасының Қозғалыс бұзылыстары бойынша неврология Департаментін басқарады, сонымен қатар Словакиядағы Сафарик университетінің медицина факультетінің неврология кафедрасының доценті.

Қабылдау уақыты: 10:00 -19:00 аралығы, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін

Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 80 (Е 495), F блогы, 2-қабат, 9-кабинет.

Жазылу үшін +7 705 764 64 16 (тек WhatsApp арқылы) ⠀
Өзіңізбен бірге МРТ зерттеу нәтижесі болуы керек.

Сонымен қатар, 9-11 тамызда невролог-дәрігер Матей Сковарнектің невролог-дәрігерлерге арналған дәрістері өтеді. Өтетін орны: МОА, D1 блогы, 2-қабат.
8 (705) 764 64 16 (тек WhatsApp арқылы) нөмірі арқылы жазыла аласыз.⠀