Joint Commission International (JCI) аккредиттеуі – медициналық қызмет сапасының, пациент қауіпсіздігінің, емдеудің дұрыс және заманауи әдістерін қолданудың ең жоғарғы көрсеткіші. Осылайша, МОА медициналық мекемелер арасында сапа мен қауіпсіздік саласындағы жоғары стандарттарға сай екенін растады.
Медициналық орталық ауруханасының директоры Валерий Бенберин мекеменің аккредиттеу сертификатының болуы көрсетілетін қызмет деңгейінің көрсеткіші екенін атап өтті.
«Біз үшін әлемде медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жаһандық үдерістің бір бөлігі болу – үлкен мәртебе. JCI аудиторларына нәтижелі жұмысы мен қажырлы еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз. Аурухананың халықаралық стандартты растауы – біз үшін пациенттердің қауіпсіздігі мен қызмет сапасының жоғары болуы бірінші орында екендігінің тағы бір дәлелі»,- деді Аурухана басшысы.