Басты бетАСҚОРЫТУ АҒЗАЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ

АСҚОРЫТУ АҒЗАЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ

АСҚОРЫТУ АҒЗАЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының № 2 терапиялық бөлімшесі пациенттер үшін барынша жайлы стационар жағдайында асқорыту ағзалары мен эндокриндік жүйенің әртүрлі ауруларына шалдыққан науқастарға жоғары білікті медициналық көмек көрсетеді.

Бөлімшеде әлемнің жетекші шетелдік клиникаларында (Германия, Израиль, Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей және т.б.) білім алған жоғары білікті санатты дәрігерлер жұмыс істейді. Бөлімшенің мейіргерлері де жоғары біліктілік дәрежеге ие және пациенттердің қауіпсіздігі бойынша отандық (ISO 9001-2016) және халықаралық (JCI) стандарттар бойынша оқытылған. Бөлімшеге медицина ғылымдарының докторы, медицина профессоры жетекшілік етеді. 

Асқорыту ағзалары ауруларын диагностикалау үшін әлемнің жетекші өндірушілері «Olympus» (Жапония), «Karl Storz» (Германия) компанияларының ең заманауи эндоскопиялық жабдығымен жабдықталған және Қазақстанда теңдесі жоқ эндоскопия бөлімшесі жұмыс істейді.
Бөлімшеде 1-2 төсек-орындық, жеке санторабы және теледидары бар функциялық палаталар бар. Пациенттерге әр нозология бойынша талаптарға сәйкес 5 реттік диеталық тамақ беріледі. 

Ауруханада диагностика мен емдеу аспектісінде күрделі ауруларды емдеуге мультитәртіптік тәсіл қолданылады. Шешімді әртүрлі бейіндегі және мамандықтағы дәрігерлер консилиумы қабылдайды. 

Мамандардың үлкен ғылыми-клиникалық әлеуеті мен Аурухананың заманауи жоғары технологиялық емдік-диагностикалық жабдықтарымен жабдықталуы асқорыту және эндокриндік жүйеннің ең күрделі ауруларына сапалы және жоғары деңгейде диагностика жүргізіп, емдеуге мүмкіндік береді.

Гастроэнтерология және гепатология бойынша емдеуге жатқызуға жататын аурулардың тізбесі:
– ГЭРА, Баррет өңеші
– асқазан мен ұлтабар ойықжарасы
– гепатобилиарлық жүйенің созылмалы аурулары: бауырдың үдемелі аурулары, метаболизмдік стеатогепатиттер, созылмалы вирустық гепатиттер, аутоиммундық гепатит, пайда болуы әртүрлі цирроздар және бауыр өспелері
– ұйқыбез аурулары 
– ішек қабыну аурулары: ойықжаралы колит, Крон ауруы
– жүйелі аурулар кезінде асқазан-ішек жолдарының зақымдануы.

Эндокринология бойынша емдеуге жатқызуға жататын аурулардың тізбесі:
- 1,2 типті қантты диабет
- гипотиреоз
- аутоиммундық тиреоидит
- диффузиялы уытты зоб
- гипоталамус патологиясы
- Иценко-Кушинг ауруы, синдромы
- феохромоцитома
- бүйрекүсті без аурулары

Жазылу үшін 8 (7172) 70-80-90 сall-орталыққа хабарласа аласыз.
Денсаулығыңызды бізбен бірге сақтаңыз!