Бөлімнің басты мақсаты
Аурухананы серіктестік, жетекші шетелдік клиникалармен өзара іс-қимыл және медициналық туризмді дамыту арқылы үздік әлемдік практика клиникасы ретінде көрсету.
Бөлімнің міндеттері
- Келісімге қатысушы тараптардың келісімі мен уағдаластығы бойынша шет елдердегі серіктес клиникаларымен келісімдер шеңберінде жобаларды ұйымдастыру, іске асыру және әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу
-
Медициналық туризмді дамыту.
-
Медициналық орталыққа тіркелген пациенттерді шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберу.
- Қашықтан медициналық қызмет көрсетуді (телемедицина) ұйымдастыру, үйлестіру және әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу.
Бөлім шетелдік және ұлттық клиникалармен, денсаулық сақтау ұйымдарымен, кәсіптік қауымдастықтармен, өндіруші компаниялармен, дистрибьюторлармен келесі бағыттар бойынша ынтымақтастыққа дайын:
- Серіктес клиникамен медициналық көмектің әртүрлі бағыттары бойынша «толық дайын кейстерді» қалыптастырып, бірлесіп іске асыру: хирургиялық, терапиялық, диагностикалық, оның ішінде бірлескен жобаны әзірлеп, ұйымдастыру, тәжірибе алмасу, білім мен практикалық машықты беру.
-
Серіктес клиникалар мамандарының келуін ұйымдастыру және Аурухана мамандарымен бірлесіп әртүрлі патологиясы бар пациенттерге Аурухана мен серіктес клиникалар базасында, соның ішінде телемедицина арқылы консультация беру, емдеу.
- Тараптар арасында медициналық академиялық алмасуды қамтамасыз ету (бірлескен ғылыми форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастырып, өткізу, медициналық журналдарда бірлескен жарияланымдар).
Бөлім басқа елдердің медициналық туристеріне сапалы, қауіпсіз медициналық қызмет алу үшін толық ұйымдастырушылық, әдістемелік қолдау көрсетеді.
- Медициналық туризмді дамыту саласында халықаралық ұйымдар, компаниялармен өзара іс-қимыл жасау және ұйымдастыру;
- Медициналық туризмді дамыту мақсатында ақпараттық-медициналық турлар ұйымдастыру;
- Жарнамалық науқандар ұйымдастыру, медициналық туризм бойынша халықаралық көрмелер мен форумдарға қатысу.
Күтілетін нәтижелер:
- Медициналық қызмет көрсетудің ең үздік әлемдік тәжірибесін қолдану;Жақын және алыс шетелдерден үздік (топ) мамандарды тарту;
- Сапа деңгейін арттыру және жоғары сапа стандарттарына сәйкестік;
- Кәсіптік дамуды іске асыру, кадрды қайта даярлау сапасын және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- Медициналық туристер санын барынша арттыру.
Бөлім мамандары:

Қазбеков Қайрат Төреханұлы
Бөлім бастығы
«Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша жоғары білікті санатты дәрігер
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон нөмірі: +7 7172 70-60-14, +7 7172 70-80-14
Умралина Ақерке Сұлтанбекқызы
Бас маман
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша МВА
«Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон нөмірі: ++7 7172 70- 78-80 (65-26)
Асылбекова Құралай Қасымбекқызы
Жетекші маман
«Аударма ісі» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон нөмірі: +7 7172 70-79-98
Ақдәулетов Әділхан Нұрланұлы
Жетекші маман
«Халықаралық экономика», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бакалавр
Телефон нөмірі: +7-7172-70-87-47
Қасымова Сәуле Қоныспайқызы
Жетекші маман - телемедицина бойынша үйлестіруші
«Инженер бағдарламашы» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон нөмірі: +7 7172 70-79-99
Естаева Гауhар Серікқызы
Жетекші маман
«Шығыстану» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон нөмірі: +7 7172 70-71-13
Алатаева Мадина Ақатқызы
Жетекші маман
«Аударма ісі» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон нөмірі: +7 7172 70-73-72