Басты бетПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКА «2022 HTAI ANNUAL MEETING» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН БАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГ...

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКА «2022 HTAI ANNUAL MEETING» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН БАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКА «2022 HTAI ANNUAL MEETING» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН БАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2022 жылғы 25-29 маусым аралығында Нидерландының Утрехт қаласында Денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі жыл сайынғы «2022 HTAi Annual Meeting» халықаралық конференциясы өтті, оған 60 елден 1 000-нан астам зерттеуші қатысты. Конференция инновацияларды дамытуға және денсаулық сақтау саласындағы ресурстарды тиімді пайдалану құралы ретінде бүкіл әлемде денсаулық сақтау технологияларын бағалау қағидаттарын дамытуға, түсінуге және пайдалануға ықпал етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы 4 постерлік баяндама ұсынып, травматология, ортопедия, проктология, неврология және онкология сияқты клиникалық бағыттар бойынша денсаулық сақтау технологияларын және клиникалық-экономикалық талдауды госпитальдық бағалаудағы өз тәжірибесімен таныстырды. 

Баяндаманы Денсаулық сақтау технологияларын бағалау және стратегиялық даму орталығының басшысы Андрей Авдеев ұсынды, оның денсаулық сақтау технологияларын бағалау саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар.

 Президенттік клиника 2015 жылдан бастап денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау жүйесін тиімді пайдаланып келеді және осы бағытты дамыту жөніндегі халықаралық жұмыс тобының толық құқықты қатысушыларының бірі. Клиниканың тәжірибесі мен бастамалары халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды және денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі халықаралық рецензияланатын журналда (International Journal of Technology Assessment in Health Care) жарияланатын болады.

125356E9-7559-45AE-8E64-5D91F1C1BD68.jpeg