Басты бетПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКА ЕНДІ ЕКІ ЕСЕ КӨП ПАЦИЕНТКЕ ЕМ КӨРСЕТЕ АЛАДЫ

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКА ЕНДІ ЕКІ ЕСЕ КӨП ПАЦИЕНТКЕ ЕМ КӨРСЕТЕ АЛАДЫ

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКА ЕНДІ ЕКІ ЕСЕ КӨП ПАЦИЕНТКЕ ЕМ КӨРСЕТЕ АЛАДЫ

Жақында Президенттік клиника базасында 200 төсек-орындық жаңа емдік-диагностикалық блок ашылады. Онда терапия, пульмонология, нефрология, гастроэнтерология, эндокринология, неврология, ревматология және кардиология бейіндері бойынша қызмет көрсетіледі. Жаңа блоктың мамандары инсульттан, миокард инфарктінен, кардиохирургиялық, нейрохирургиялық және ортопедиялық операциялардан кейін пациенттерді оңалтумен айналысатын болады. Пациенттер емдік-диагностикалық көмектің толық циклын ала алады. Бұл – диагностика, емдеу және оңалту.

Жаңа терапиялық блоктың диагностикалық базасы сараптамалық кластың медициналық жабдықтар топтамасын ұсынады. Ұсынылатын технологиялардың Қазақстанда, кейбіреуінің ТМД елдерінде де баламасы жоқ. Бұл диагностикалық қызметтердің көлемін ұлғайтуға және ең күрделі пациенттерге диагноз қоюға жол ашады.

Жаңа блоктың медициналық қызметкерлері біліктілік талаптары бойынша қатаң іріктеуден өтіп, жақын және алыс шетелдердің үздік клиникаларында білім алады.

Жыл сайын Президенттік клиникада 8000-нан астам пациент емделеді. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілгеннен бері қазақстандықтардың көбі Президенттік клиникада ем қабылдауды таңдайды. Аурухананың төсек қорын екі есе ұлғайту одан да көп пациентке көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 

Жаңа корпуста пациенттерді қабылдаудың 3 көзі қарастырылған: тіркелуі бойынша, ТМККК және МӘМС шеңберінде, ақылы негізде.

92811746-c4c9-4ee8-a907-969b58b6d4fb.jpg 6324a42c-7486-42a2-9b3a-c30b5f1c1070.jpg