25-26 маусымда Бурабайда триатлоннан отызыншыұлттық чемпионат өтті. Чемпионат шеңберіндеTEMIRADAM Кубогының IV кезеңініңқатысушылары жарысқа түсті, қатысушылардыңарасында біздің әріптесіміз, Президенттікклиниканың эндоскопист дәрігері Медет Рахметов те болды.
Триатлон – спорттың үш түрі: жүзу, велосипед және жүгіру бойынша үзіліссіз жарыс. Бұл төзімділік сынға түсетін әлемдегі бір күндік еңқиын жарыстардың бірі.
TEMIRADAM Кубогының IV кезеңіндеқатысушылар 3,86 км ашық суды жүзіп өту, 180,25 км велосипедпен жүріп өту және қашықтықты42,195 км марафонмен аяқтауы қажет. Медет Рахметов триатлонның барлық кезеңін 3 сағат 08 минутта (жүзу – 34 минут, вело жарыс – 1 сағат 34 минут, жүгіру – 1 сағат) өтіп, өз жас тобында жақсы нәтиже көрсетті. Сонымен қатар ол өз нәтижесін 27 минутқа жақсарта алды.
- Марафондық жүгірумен және триатлонмен екі жыл бұрын әуестене бастадым. Триатлон спорттың үш түрін біріктіретіндіктен, әртүрлілігімен ұнайды. Мұндай жарыстарда мен үшін ең бастысы – Ironman қашықтығынан өту, – деп бөлісті Медет. - Менің ендігі мақсатым – Босфор арқылы, екі континент арасындағы 6,5 км қашықтықты жүзіп өту. Адам сенгісіз нәрсенің бәрі шындыққа айналуы мүмкін емес пе?!
Әріптесімізге жұмыста және спортта табыс тілейміз!