Құттықтаймыз!
Президенттік клиниканың эндокринолог дәрігері Жанат Аусағитова медицина қызметкері күніне орай ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Алғыс хатымен наградталды.
Жанат Садыққызы Аусағитова – жоғары санатты дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау үздігі, еңбек өтілі 37 жыл, Президенттік клиникада 12 жылдан беріеңбек етуде. Алғашқы эндокринологиялық төсектер 2014 жылғы ақпанда ҚР ПІБ МО ауруханасының құрамында ашылды. Содан бері ол Аурухананың жетекші эндокринолог дәрігері.
Бүгін Жанат Аусағитова гипоталамус-гипофиз жүйесінің патологиясы, эндокриндік жүйе патологиясы: 1,2 типті қантты диабет, қалқаншабез патологиясы, бүйрекүсті безі мәселелерімен айналысады. Остеопороздың ерте скринингінжасап, ем тағайындайды. Қазақстан мен Израильдің клиникалық базаларында білім алды. Ауруханада емдік-консультациялық қызмет атқарады.
Жанат Садыққызын марапатымен құттықтаймыз, зор денсаулық және шығармашылық табыс тілейміз!