Президенттік клиниканың директоры Валерий Бенберин кездесу барысында мамандарға тәжірибе мен қолданылатын технологияларды беруге мүмкіндік беретін «Клиникадағы клиника» жобасының маңыздылығын атап өтті.
Екі күн бойы, 24-25 маусымда Президенттік клиниканың травматолог-ортопедтері «Medicabil» клиникасының атақты профессоры, ортопедиядағы роботталған хирургия бойынша жетекші маман Омер Фарук Билгеннің қатысуымен шеберлік сағатын өткізеді.
Бірлескен ынтымақтастықтың арқасында Президенттік клиника базасында туа біткен шығып кету кезінде ұршық буынын күрделі бастапқы протездеу бойынша бірқатар операциялар жүргізіледі. Екі күн аралығында Президенттік клиниканың шақырылған мамандары мен ортопедтері жинақталған тәжірибесімен бөлісіп, көпсалалы тәсілді талап ететін травматологиялық бейіндегі пациенттерді бірлесіп қабылдайтын болады.
Сондай-ақ, Омер Фарук Билгеннің шеберлік сағаты аясында елордалық клиникалардың травматологтарына лекция өтеді. Сондай-ақ, Омер Фарук Билгеннің шеберлік сағаты аясында елордалық клиникалардытравматологтарына лекция өтеді.