Басты бетПрезиденттік клиника директорының орынбасары Насрулла Шаназаров онкологиялық орталықтармен ынтыма...

Президенттік клиника директорының орынбасары Насрулла Шаназаров онкологиялық орталықтармен ынтымақтастық аясында Душанбе қаласындағы Республикалық онкологиялық ғылыми орталықта оқу семинарын өткізді

Президенттік клиника директорының орынбасары Насрулла Шаназаров онкологиялық орталықтармен ынтымақтастық аясында Душанбе қаласындағы Республикалық онкологиялық ғылыми орталықта оқу семинарын өткізді

Бұл семинарда Насрулла Шаназаров «Онкологиядағы фотодинамикалық терапия және флуоресцентті диагностика – жетістіктер мен перспективалар» тақырыбында дәрістер циклын өткізді. Семинар Республиканың барлық онкологиялық орталықтарында онлайн режимде көрсетілді. Іс-шараға қатысушыларға сертификаттар табысталды.  Сонымен қатар, семинар шеңберінде профессор Шаназаров тері обырымен ауыратын бірнеше пациентке консультация беріп, фотодинамикалық ем көрсетті.

Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы мен Тәжікстан Республикасының Үкіметтік клиникасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес тараптар пациенттерді диагностикалау және емдеу бойынша білім, ғылым және қызмет көрсетуде өз күш-жігерін үйлестіруге келісті.

Сондай-ақ, Соғды облысының Денсаулық сақтау басқармасының директоры және Хужанд қаласындағы Соғды облысының облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігерімен кездесу өтті. Кездесу барысында дәрігерлерді оқыту және пациенттерді диагностикалау және емдеу бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту жоспарланды.

 4DF51FFE-B039-4F9D-9D8F-305312111956.jpeg ADAD1008-894A-4D42-A4B3-0AC46FF14F49.jpeg  91EA6F4A-02F3-4F4E-AFE8-58B5AAFB5459.jpeg

097C8909-37BE-42B6-9938-B47AAEB2F7B6.jpeg