Басты бетҚазақстандық роботталған хирургияның Халықаралық оқу орталығы

Қазақстандық роботталған хирургияның Халықаралық оқу орталығы

Қазақстандық роботталған хирургияның  Халықаралық оқу орталығы - Senhance Transenterix роботталған оқыту жүйесімен жабдықталған бірегей инновациялық білім беру бөлімшесі.

 

Безымянный

 

Мақсаты: ҚР ПІБ МОА мамандарының роботталған хирургия бойынша тәжірибелік дағдылары мен іскерліктерін үйрету, сондай-ақ ҚР өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарының, алыс және жақын шетелдердің медицина қызметкерлеріне білім беру қызметтерінің трансфертін жүзеге асыру.

 

Орталықтың Міндеттері:

 

• Роботталған хирургия бойынша тәжірибелік дағдылар мен біліктерді меңгеру және өңдеу үшін жағдай жасау;

 

• Дәрігерлерді, орта медициналық қызметкерлерді, эндоскопиялық хирургия саласындағы мамандарды роботталған хирургия негіздеріне оқыту;

 

• ҚР, алыс және жақын шет елдердің медициналық ұйымдарының мамандары үшін роботталған хирургия бойынша мастер-класстар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу.

 

• Қазақстанда роботталған хирургия саласында ақпараттық қолдау көрсету үшін мамандардың деректер базасын құру

 

• ҚР ПІБ МОА роботталған хирургияның озық әдістері мен технологияларын енгізуге және олардың елдің, жақын және алыс шетелдердің басқа медициналық мекемелеріне трансфертіне жәрдемдесу;

 

• TRANSENTERIX компаниясының қолдауымен әлемнің жетекші оқу орталықтарында роботталған хирургия саласында МОА МО және елдің басқа да медициналық ұйымдарының мамандарын тағылымдамада жәрдемдесу

 

• Орталық ұсынатын қызметтер мен мүмкіндіктер туралы ақпаратты МОА сайтында жариялау, өңірлік денсаулық сақтау департаменттерін хабардар ету, БАҚ-да сөз сөйлеу, түрлі конференцияларда, конгрестерде, мерзімді басылымдарда ақпарат жариялау және маркетингтің  т.б. ілгерілету әдістерін пайдалану.