Президенттік клиникаға Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық травматология және ортопедия орталығы» ММ өкілі травматолог-ортопед дәрігер Сухроб Салиев келді.
Травматологиялық және ортопедиялық көмекті дамыту бойынша «Клиникадағы клиника» жобасын іске асыру шеңберінде клиникалардың екіжақты тығыз ынтымақтастығы талқыланып, келіссөздер қорытындысы бойынша серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Келісімнің басты ерекшелігі – өзбекстандық мамандармен біздің травматологтардың тәжірибемен технологиялар алмасу мүмкіндігі. Ынтымақтастық мамандардың шеберлік сыныптарын өткізуіне, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық травматология және ортопедия орталығы» ММ мамандарын тағылымдамаға қабылдауға жол ашады.
Сонымен қатар, Президенттік клиника 2022 жылғы 21-22 қазанда Ташкент қаласында өтетін травматологтар мен ортопедтердің X съезіне қатысуға ресми шақыру алды.