Бүгін Аурухана базасында «Көз аурулары ҚазҒЗИ» филиалының маманы Алмат Жанысбаев витреоретинальді хирургия (көз торқабығының және шыны тәріздес дененің патологиясы) бойынша шеберлік сыныбын өткізді.
Алмат Жанысбаев жедел хирургиялық емдеуді қажетететін көз ауыр ауруы – торқабықтың перфорациялық ажырауы бар пациенттерге бірнеше операция жасады. Бұл жоғары технологиялық операция көру функцияларын қайтаруға және көзді ағза ретінде сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Операциялар Президенттік клиника мен көз аурулары ҚазҒЗИ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде жүргізілді.