Президенттік клиниканың дәрігерлері Орал қаласында пациенттерді тегін қабылдайды.
Пациенттер кардиохирург пен аритмологтан консультация ала алады.
Не:«Менің сүйікті дәрігерім» көшпелі акциясы аясында пациенттерді тегін қабылдау. Пациенттерді Президенттңк клиниканың мамандары кардиохирург Алибек Тойбаев және дәрігер-аритмолог Шалқар Смағұлов қабылдайды.
Қайда: Орал қаласы, Облыстық кардиологиялық орталық.
Қашан: 4-5 мамыр, сағат 10:00 – 17:00.
Консультациялық қабылдауға қандай құжат алу керең:
• жеке басын куәландыратын құжат;
• кардиохирургтің қабылдауына: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/КТ дискісі;
• аритмологтың қабылдауына: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы болуы тиіс.
Қабылдау және жазылу туралы толық ақпарат алу үшін облыстық кардиологиялық орталыққа хабарласыңыз.