Бүгін бүкіл әлем 2022 жылы «Біздің планета – біздің денсаулығымыз!» атты ұранымен өтетін «Денсаулық күнін» атап өтуде.
Адамның денсаулығы ең алдымен адамның өзіне байланысты. Дер кезінде профилактика, салауатты өмір салты, өз денсаулығына ортақ жауапкершілік, өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен қарау, денсаулыққа және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін тауарлар мен қызметтерді таңдау – денсаулықты сақтауға қажетті шарттар.
Тамақтану әдетін жақсы жаққа өзгерту, зиянды әдеттерден арылып, дене шынықтырумен айналысу оңай емес екенін, ол үшін уақыт, шыдамдылық, ең бастысы дені сау болып, ұзақ өмір сүруге деген ұмтылыс қажет екенін әр адам түсінуі керек.
Денсаулыққа пайдалы дұрыс таңдау жасаңыз!