Ауруханамыздың дәрігерлері Түркістан қаласына сапарында кезекті меморандумға қол қойды.
Серіктестік арқылы аталмыш университет студенттері мен мамандары аурухананың базасын пайдалануға, білікті дәрігерлердің семинарларына қатысуға, тәжірибе алмасуға және тағы басқа мүмкіндіктерге ие болады.
Сондай-ақ университет базасында көпсалалы аурухана жұмыс істейді. Президенттік клиниканың хирургтары университет ауруханасының хирургиялық қызметін дамытатын болады.