Іс-шарада Нью-Йорктегі Presbyterian hospital ауруханасының дәріскерлері сөз сөйледі. Американдық дәрігерлер клиникалық жағдайларды талдап, денсаулық сақтау жүйесі туралы сөз қозғады және АҚШ-тағы емдеу әдістерімен бөлісті.
Нұржан Қылышбай семинарға Open medical institute білім грантының арқасында қатысты. Стипендия иегерлерінің Зальцбургтегі апталық семинарға қатысуға және жыл сайын Австрияның клиникаларында бір айлық тағылымдамадан өтуге мүмкіндіктері бар.