Басты бетПрезиденттік клиникада суық плазмалық коблация әдісімен операция жасалды

Президенттік клиникада суық плазмалық коблация әдісімен операция жасалды

Президенттік клиникада суық плазмалық коблация әдісімен операция жасалды

Ағымдағы жылы мұндай операция клиникамызда алғаш рет жасалып отыр. Операция созылмалы тонзиллитті емдеуге арналған. 

Бұл әдіс 4 жыл бұрын енгізілген, қазіргі уақытқа дейін оның көмегімен жүздеген пациент емделіп шықты. Науқастың тамағындағы бадамша безді плазманың көмегімен алып тастайды. Бұл скальпельмен алу әдісіне қарағанда, операция кезінде қан кетуді және одан кейінгі ауырсынуды азайтады. 

Сондай-ақ суық плазмалық коблация әдісі науқастың қалпына келу кезеңін тездетеді. Қазақстанда операцияның бұл түрі тек Президенттік клиникада жасалады.