Президенттік клиника заманауи жоғары технологиялық диагностикалық ПЭТ/КТ аппаратымен жабдықталған.
ПЭТ/КТ - диагностиканың заманауи жоғары технологиялық әдістемесі. Тексеру жүргізу үшін ағзаға радиофармпрепарат енгізіледі. Көбінесе ПЭТ-сканерлеу онкологиялық процестерді анықтау және оларды емдеудің тиімділігін қадағалау үшін қолданылады. Денені толығымен сканерлеу кезінде ісіктің орналасқан ошағын ғана емес, сонымен қатар лимфа түйіндері, басқа ағзалар мен тіндерге таралған метастаздарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл онколог дәрігердің емді әрі қарай уақтылы жүргізуіне және дұрыс жоспарлауына немесе оны өзгертуіне мүмкіндік береді.