Жанат Күзденова Президенттік клиникаға 4 ай бұрын тексерілуге келеді. Пациенттің айтуынша, ол кісіні еш жері мазаламаған, жай ғана алдын-ала тексерілмек болған. Тексеру барысында қасерлі ісік табылады. Биопсия жасау үшін үлгі алынып, оның нәтижесінде қатерлі ісіктің өсіп жатқаны белгілі болады.
«Тексеру нәтижесінде ісік табылды. Дәрігер-эндоскопист Жеңісбек Тынкозиев консультация беріп, эндоскопиялық операция жасауды ұсынды, яғни іш қуысына ашық операция жасалмайды екен. Әрине, қауіп де болды. Бірақ операция сол кездегі жалғыз, дұрыс шешім болды, оның үстінемен дәрігердің кәсібилігіне сендім. Операцияданкейінгі кезең жақсы өтті, денсаулығым жақсы, дәрігердің ұсыныстарын орындап отырдым. Қазір міне 4 ай өтті, өзімді жақсы сезінемін», - деп бөлісті Жанат.
Операция эндоскопиялық әдіспен жасалды. Пациенттің тік ішегінде қатерлі ісік пайда болғанекен. Президенттік клиниканың эндоскописті ашықараласусыз, денеге табиғи саңылау жасау арқылыоны алып тастады.
«Біз тексеру жүргіздік, оның нәтижесіне қарап эндоскопиялық әдіспен операция жасауғамүмкіндік бар екенін көрдім. Өкінішке орай, мұндай операцияға барлық пациенттер жарайбермейді. Оның бәрі зерттеу нәтижелеріне байланысты белгілі болады» - деді дәрігер-эндоскопист Жеңісбек Тынкозиев.
Операция эндоскопиялық тәсілмен жасалғандықтан, пациент операциядан соң екісағаттан кейін үйіне шығарылды. Үш айдан кейінқайта тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері таңқаларлықтай.
«Ісіктің орнын мұқият тексердік. Үш ай ғана өтті ғой, ал операция бір жыл бұрынжасалған сияқты. Мұндай нәтижеге қалай қуанбайсың» - деп бөлісті Жеңісбек Тынкозиев.
Жеңісбек Тынкозиев атап өткендей, ертесатыда жаңа дамып келе жатқан кішкентай ісіктердіэндоскопиялық әдіспен алып тастауға болады. Сондықтан да дәрігер адамдарға өз денсаулығынүнемі тексеріп, бақылап отыруды ұсынады.