Президенттік клиникада мереке қарсаңында мерейтойлық медальға ие болған үздік қызметкерлерді марапаттады. Клиника директоры Валерий Бенберин Ауруханамыздың медицина қызметкерлерінің халықтың денсаулығын сақтау және жақсарту арқылы мемлекеттің қалыптасуына қосқан ерекше үлесін атап өтті.
Марапаттау рәсімінен басқа, Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті. Президенттік клиниканың талантты қызметкерлері өздерінің шығармашылық қырларын паш етіп, қошеметке ие болды.