Кәсіподақ ұйымының табысты жұмыс істеуі ең алдымен мекеменің бірінші басшысының қолдауына байланысты. Президенттік клиниканың директоры Ауруханада қалыптасқан әлеуметтік диалогты нығайтуға белсенді қатысып отырады.
Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің республикалық кәсіподағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Валерий Бенберинді кәсіподақ ұйымының жұмысына көрсеткен көмегі үшін «Aqniet» наградасын табыс етті. Кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, Президенттік клиникада қызметкерлердің бір жерде ұзақ уақыт бойы еңбек етуі үшін барлық жағдай жасалған.