Басты бетПрезиденттік клиника дәрігерінің ғылыми мақаласы Халықаралық «Бөбек» байқауының бірден екі номина...

Президенттік клиника дәрігерінің ғылыми мақаласы Халықаралық «Бөбек» байқауының бірден екі номинациясының жеңімпазы атанды

Президенттік клиника дәрігерінің ғылыми мақаласы Халықаралық «Бөбек» байқауының бірден екі номинациясының жеңімпазы атанды

«Бөбек» жалпыұлттық қозғалысының жыл сайынғы конференциясында хирург Нұржан Қылышбай «тоқ және тік ішектің лапароскопиялық хирургиясы» атты ғылыми мақаласымен қатысты. Өзінің ғылыми жұмысында ол тоқ және тік ішектің қатерлі ісіктерін зерттеген болатын. Мәлімделген жұмыс бірден екі номинация бойынша жеңіске жетті - ТМД елдеріндегі «үздік педагог-2021» және ТМД елдеріндегі «үздік жас ғалым-2021».

«Бөбек» - ғылымды дамыту арқылы халықаралық қатынастарды дамытуға үлкен үлес қосып отырған алғашқы ғылыми-қоғамдық ұйымдардың бірі. Қозғалысқа ТМД, Қытай және Түркия елдерінің ғалымдары қатысуда.


IMG_6522_2000.jpg

IMG_6518_2000.jpg