Президенттік клиниканың директоры Валерий Бенберин бастаған авторлар тобы ғылыми журналда «Қуықасты безі қатерлі ісігінің молекулалық-генетикалық маркерлерінің қазіргі заманғы көрінісі» атты мақала жариялады. Авторлар әртүрлі этникалық топтардың өкілдеріндегі қуықасты безі қатерлі ісігінің даму қаупін анықтауға арналған молекулалық-генетикалық зерттеулердің мәліметтерін ұсынды. Ғылыми жұмыста еуропалық және азиялық этникалық топтардың мәліметтері бар.
Сібір онкологиялық журналы Ресей Федерациясында шығарылатын жетекші рецензияланған ғылыми басылым болып саналады.