КС-208 Дубай − Нұр-Сұлтан рейсімен ұшқан ұшақта жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлап кеткен. Бақытымызға орай, дәл осы рейспен ЭКСПО-2020 көрмесінде сөз сөйлегеннен кейін үйіне оралып келе жатқан Президенттік клиниканың қантамыр хирургі болған. Берік Қайкенов басқаларынан қарағанда халі нашарлаған әйелге жақынырақ болып, бірінші болып көмек көрсете бастаған. Дәрігердің уақытылы реакциясының арқасында әйел есін жинап, хал-жағдайы мен гемодинамикасы қалыпқа келді.