Президенттік клиниканың директоры Валерий Бенбериннің «Метаболизмдік синдром» атты монографиясы Ресейде жарық көрді.
Басылымды Ресей Жаратылыстану Академиясының классикалық университеттік және техникалық білім беру жөніндегі оқу-әдістемелік бірлестігі «Кардиология» мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттері мен аспиранттарына арналған оқу құралы ретінде ұсынып отыр.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, РҒА академигі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дәрігері Андрей Важенин: «Монографияда ұсынылған материалдың құндылығы оның өзіндік ерекшелігі, сонымен қатар зерттеудің мәнін қисынды жеткізуі және дәйекті баяндауы, мәселені шешудегі жаңашылдығында жатыр», - деп, өз пікірімен бөлісті.
Монографияның таралымы 500 дананы құрады және Ресейдің барлық негізгі кітапханаларына таратуға арналған.
Валерий Васильевичті монографиясының жарық көруімен құттықтаймыз!