Бір апта бойы стоматолог-ортопед дәрігеріміз Шамшырақ Жәнібекқызы Мәскеу қаласындағы Ресей Халықтар Достығы Университетінің (РХДУ) гнатология-остеопатия кафедрасында тағылымдамадан өтті.
Шамшырақ Жәнібекқызы әріптестерінен шайнау бұлшықеттері жүйесін, самай-төменгі жақ буынын диагностикалау мен емдеудегі тәжірибелерін меңгерді. Дәрігер меңгеріп келген біраз технологияларды алдағы уақытты өз клиникамызда іске асыратын болады.