Клиникамыздың лор дәрігері Лозанна қаласындағы университеттік клиникада 4 апта тағылымдамадан өтті. Дмитрий Когай көмей мен кеңірдектің тарылуы сияқты күрделі мәселелерді диагностикалау мен емдеу бойынша әріптестерінің тәжірибесін үйренді. Дәрігер тағылымдама барысында меңгерген бірқатар технологияларды енді өз клиникамызда да қолданбақ.