Президенттік клиникада роботтандырылған микроскоп пайда болды. Микроскоптың моделі ең заманауи және жоғары деңгейлі, мидағы ісіктері анық көру жән тамыр ішіндегі қанайналымын анықтайтын жоғары технологиялық функциялары бар.
Бұл тәсілдің бірегейлігі микроскопты гибридті операция бөлмесіне кіріктіру болып табылады. Алаң краниалды және жұлын араласуларының көптеген спектрін өткізуге арналған, яғни «бүкіл нейрохирургия бір операциялық бөлмеде».
Жаңа тәсіл ми мен жұлын ісіктері, аневризмалар, эпилепсия, Паркинсон ауруы, дискі жарғысы, омыртқаның ойнамалылығы, үшкіл жүйкенің невралгиясы сияқты және басқа да ауруларды емдеу кезінде ми мен жұлынға араласудағы қауіпсіздік пен ыңғайлылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Кіріктірілген гибридті операциялық бөлменің көпфункциялылығы мен түрлі «фишкаларының» арқасында жасанды интеллектіні енгізу мүмкіндігін талдау бойынша жұмыс басталды.
Аурухананың үздік дәрігерлерінің қолындағы заманауи жабдық Қазақстанның нейрохирургия саласын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.