«Менің сүйікті дәрігерім» көшпелі акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Президенттік клиниканың дәрігерлері Түркістан қаласында пациенттерді тегін қабылдайды:
Ермағамбет Қуатбаев – жоғары санатты кардиохирург, медицина ғылымдарының кандидаты, Президенттік клиника директорының хирургия жөніндегі орынбасары;
Талғат Сәрсембаев – жоғары санатты ангиохирург.
Мекенжайы: Түркістан қалалық ауруханасы (емхана).
Қабылдау күні және уақыты:
30.09.2021 ж. 09:00-18: 00
түскі үзіліс 13:00-14:00
Консультациялық қабылдауға қажетті құжаттар:
Жеке басты куәландыратын құжаты;
▪️ кардиохирургтің қабылдауына: ЭКГ, ЭхоКГ (жүректің УЗИ-i) хаттамасы, коронарография/КТ (компьютерлік томография) дискісі және барлық үзінділер, анализдер, тексерулер, талдаулар және т.б;
▪️ ангиохирургтің қабылдауына: тамыр УДДГ (ультрадыбыстық доплерография), КТ (компьютерлік томография) немесе аортография дискісі және барлық үзінділер, анализдер, тексерулер, талдаулар және т.б.
Қабылдау және жазылу туралы толық ақпарат алу үшін +7701 710 9916 нөміріне хабарласыңыз.