Басты бетАллергология орталығы

Аллергология орталығы

Аллергология орталығы

Жер шары тұрғындарының 40%-ы қандай да бір аллергиялық аурудан зардап шегеді екен. Бұл Дүниежүзілік аллергологиялық ұйымның беріп отырған деректері.

Аллергиялық аурулардың қауіптілігі - оларды емдемесең, ауру біртіндеп өрши түседі.
Көптеген адамдар аллергияға аса мән бермей жатады. Алайда дәрігерлер аллергиясы бар адамдарға өзін-өзі емдеуден аулақ болуды ескертеді.

Егер Сізді маусымдық немесе жыл бойы мұрынның бітелуі, терінің жиі қабынуы мен қышуы, жөтел, ісіну мазаласа, демек аллерголог-иммунологқа жүгінудің себебі бар.

Естеріңізге сала кетейік, Ауруханамыздың базасында Аллергология орталығы жұмыс істейді, бұл жерде аллергиялық аурулары бар пациенттерді тексерудің барлық клиникалық-зертханалық, аспаптық, генетикалық және ерекше аллергологиялық әдістері жүргізіледі.

Орталықтың дәрігерлері аллергиялық ауруларды диагностикалаудың, алдын алудың және емдеудің озық әдістерін үйлестіріп, өздерінің көп жылдық жұмыс тәжірибесін басшылыққа ала отырып, әртүрлі аллергиялық аурулары бар пациенттерге сапалы көмек көрсетуді жүзеге асырады.

Сіз Орталық жұмысының негізгі бағыттары және терапиялық курстары туралы біздің ресми сайтымыздың «Аллергология орталығы» бөлімінен біле аласыз.



WhatsApp Image 2021-08-24 at 11.18.43.jpeg

WhatsApp Image 2021-08-24 at 11.18.42 (1).jpeg

WhatsApp Image 2021-08-24 at 11.18.42.jpeg