- Күн сәулесінен қорғау. Бұл тері күтіміндегі ең бірінші және негізгі фактор болып табылады. Әрқашан SPF, UVA +++ немесе ++++ немесе Blue Light қорғаныс деңгейі жоғары күннен қорғайтын кремдерді жағып жүріңіз.
- Ылғалдандыру. Жазда майлы емес гель тәрізді кремді немесе құрамында Е дәрумені бар, су негізіндегі ылғалдандырғыш кремдерді таңдаңыз. Оны күніне кемінде 2 мәрте жағып отырыңыз, осылайша ол терінің тонусы мен созылмалдылығын сақтай отырып, терідегі табиғи ылғалдылықты сақтауға көмектеседі.
- Суды көбірек ішіңіз. Егер дене сусызданған болса, онда тері сау және әдемі қалпынан айырылады. Орташа алғанда, ішетін тамақтың құрамындағы сұйықтықтан басқа, күніне 1.5-2 литр су ішу ұсынылады. Суды жиі ішіп отыру - терінің гидро-липидті тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі.
- Сергіту. Жуғаннан кейін теріні сергіту өте маңызды. Жазда лосьон емес, тонерді қолдану ұсынылады.
- Негізгі күтім. Жазда бет терісіне арналған скрабтар мен күшті химиялық пилингтерді жасауға болмайды. Сондай-ақ, сәндік косметиканы қолдануды азайту керек. Ылғалдандыратын спрей, мист, маска, ерін бальзамдары және антиоксидантты концентрацияланған сарысуларды қолдану керек.
Өз денсаулығыңызды бізбен күтіңіз!