Басты бетДүниежүзілік аллергияға қарсы күрес күні. Анафилаксиялық шок туралы

Дүниежүзілік аллергияға қарсы күрес күні. Анафилаксиялық шок туралы

Дүниежүзілік аллергияға қарсы күрес күні. Анафилаксиялық шок туралы
8 шілде Дүниежүзілік аллергияға қарсы күрес күні болып саналады. Бұл күні адамдарға аллергия және одан қорғану туралы айтылады.

Аллергия әртүрлі болады. Ол маусымдық, түшкіру немесе бөртпе сияқты байқалуы мүмкін. Бірақ адамның өміріне қауіп төндіретін аллергияның ауыр жағдайлары да кездесіп жатады. Мұның белгілі мысалдарының бірі - анафилаксиялық шок.

Бүгін біз анафилаксиялық шокты анықтау және мұндай реакцияның неден пайда болатындығы туралы қысқаша айтып өтетін боламыз.

Сондай-ақ, анафилаксиялық шоктың кез келген белгісі пайда болған жағдайда, дереу медициналық көмекке жүгінуді ұсынамыз.

Анафилаксиялық шок - бұл бірден өршіп, өлімге әкелуі мүмкін ауыр аллергиялық реакция.

Оны қалай анықтауға болады?
  • үздіксіз жөтел
  • қарлыққан дауыс
  • қиналып жұтыну
  • тілдің ісінуі
  • тыныс алудың қиындауы
  • сырыл
  • үнемі бас айналу
  • естен тану
Оған не себеп болуы мүмкін?
  • Дәрі-дәрмектік препараттар: пенициллин және оның аналогтары, стрептомицин, В1 дәрумені, диклофенак, амидопирин, анальгин, новокаин; иммундық сарысулар; құрамында йоды бар рентгенконтрасты заттар және басқалар.
  • Тағам: жержаңғақ, бидай, жаңғақтар, кейбір теңіз өнімдері, сүт, жұмыртқа, күнжіт тұқымы, ноқат.
  • Жәндіктер шағып алған кезде, мысалы: жабайы аралар, бал аралары, қандалалар.
Өз денсаулығыңызды бізбен бірге сақтаңыз!