2021 жылғы 1 маусымдағы Кюри институты мен ҚР-дағы Франция Елшілігі өкілдерінің ресми сапарының жалғасы ретінде, онкология және онымен байланысты бағыттар саласында ынтымақтастықты дамыту бағдарламасы шеңберінде меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қою кезінде:
- Пьер Анхури - Кюри институтының халықаралық қатынастар жөніндегі директоры
- Александра Тиркюир-Менс - ҚР-дағы Франция Елшілігінің мәдениет мәселелері жөніндегі атташесі
- Адель Абенова – «ФСПИ Қазақстан-Өзбекстан денсаулығы» жауапты тұлға
- Зәуреш Мұхаметжанова - аудармашы
- Ермағамбет Қуатбаев - директордың хирургия жөніндегі орынбасары
- Насрулла Шаназаров - директордың ғылым және даму стратегиясы жөніндегі орынбасары
- Андрей Авдеев - стратегиялық және инновациялық даму бөлімінің бастығы
- Құралай Асылбекова - медициналық туризм, маркетинг және жарнама бөлімі бастығының міндетін атқарушысы қатысты.