Сонымен қатар гинекологқа қашан және қаншалықты жиі бару керектігі туралы Сіздердің естеріңізге сала кеткіміз келеді. Есіңізде болсын, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген дұрыс!
Гинекологқа келесі жағдайларда жүгінуді ұсынамыз:
- Егер алғашқы етеккір 15 жасқа дейін келмесе;
- Цикл бұзылған жағдайда;
- Еттеккір ауыртып, ұзақ (7-10 күннен астам) және көп келгенде;
- Еттеккір арасындағы кезеңде қынаптан қан кету;
- Қынаптық бөлінділердің иісі, түсі және консистенциясы өзгергенде;
- Сыртқы жыныс мүшелерінің аймағында күйдіру, қышу, бөртпе пайда болғанда;
- Жыныс мүшесінің аймағында (кондилома, папиллома) өспелер пайда болғанда;
- Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну және ыңғайсыздық сезімі;
- Жыныстық өмір мен жүктілікті жоспарлау;
- Бедеулік;
- Климакстың басталуы.
Сонымен қатар, 30 жастан кейін және әр 4 жыл сайын ісік алды аурулары мен жатыр мойны обырын анықтау үшін скринингтен өту ұсынылады. Бұл дегеніміз, 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66 және 70 жаста гинекологқа қаралу қажет.
Өздеріңізге сақтап алып, жақындарыңызбен бөлісіңіз!