Дегенмен, коронавирустық инфекция жағдайында денсаулықты қалпына келтіру үшін не қажет? Әрине, ол физиотерапия, емдік дене шынықтыру және арнайы гимнастика.
2020 жылы Президенттік клиниканың Қалпына келтіру емі және оңалту орталығының дәрігерлері COVID-19-бен ауырған адамдарға арналған оңалту бағдарламасын әзірлеп, сәтті қолданып келеді.
Ол Сіздің ағзаңызды қалпына келтіру, жалпы денсаулық жағдайын сақтау және иммунитетіңізді нығайтуға бағытталған түрлі емшаралардан тұрады. Оған мыналар кіреді:
- электрофорез
- тұз шахтасы
- магнитті терапия
- оксигенотерапия
- лазерлік терапия
- емдік дене шынықтыру
- тыныс алу гимнастикасы
- вибромассаж
- кеуде массажы
- 8 (7172) 70-79-16
- 8 (7172) 70-79-43
- 8 (7172) 70-80-90 (Call-орталық).