Басты бетПрезиденттік клиника директорының хирургия жөніндегі орынбасары Ташкент қаласында Республикалық м...

Президенттік клиника директорының хирургия жөніндегі орынбасары Ташкент қаласында Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық кардиология орталығында шеберлік-класс өткізді.

Президенттік клиника директорының хирургия жөніндегі орынбасары Ташкент қаласында Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық кардиология орталығында шеберлік-класс өткізді.
2021 жылдың 12-13 маусым күндері Президенттік клиника директорының хирургия жөніндегі орынбасары Ермағамбет Қуатбаев Өзбекстанның Ташкент қаласында Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық кардиология орталығында шеберлік-класс өткізді.

Аталған шеберлік-класс 3D-форматта визуализация жасайтын эндовидеоскопиялық жабдықты қолдана отырып, минималды-инвазиялық кардиохирургия бойынша өткізілді. Шеберлік-класс барысында үш науқасқа операция жасалды, оның екеуінде туа біткен жүрек ақауы, оған қоса қан тамырларының аномальды шығып кету ақауы болған. Үшінші науқасқа жүрек қақпақшасын протездеу жүргізілді.

Шеберлік-кластан кейін Ташкент қ. кардиология орталығының басшылығы жоғары технологиялық медициналық көмек саласындағы шеберлік-кластар сериясын жалғастыруға қызығушылық танытты. Келесі сапарларда практикалық медицина және ғылыми зерттеулер саласында әрі қарай ынтымақтастық құру туралы Меморандумға қол қою жоспарлануда.

Post IG 3-3.png