Сондай-ақ, қан тапсыру кезінде қандай зертханалық талдаулар тегін жүргізілетіндігі туралы айтып өткіміз келеді.
Қан тапсырарда алдымен қан тобын, резус-факторды, келль антигенін, гемоглобин деңгейін, АЛТ деңгейін тексереді.
Сонымен қатар, сіз В және С гепатиті, мерез және АИТВ-ның бар-жоғын анықтауға арналған талдаулардың нәтижелерін ала аласыз. Мұндай талдаулар болашақта қан құйылатын пациенттің аталған инфекцияларды жұқтырып алмауы үшін жасалады.
Дәрігерлерге - бұл қауіпсіз қан құюдың кепілі, ал Сіздер үшін - бұл тек игі іс қана емес, сондай-ақ өз денсаулығыңызды да тексеру болып табылады!
Өз денсаулығыңызды бізбен бірге сақтаңыз!