Басты бетМедицина туралы түсінікті тілмен жеткізу

Медицина туралы түсінікті тілмен жеткізу

Медицина туралы түсінікті тілмен жеткізу
Covid-19 пандемиясы кезінде Интернет «кеңістігінде» жаңа коронавирустық инфекция және вакцинация туралы көптеген ақпаратты табуға болады, олардың арасында, өкінішке орай, бұрмаланған және жалған мәліметтер де аз емес. Медициналық білімі жоқ адамдар үшін мұның қайсысының дұрыс, қайсысының бұрыс екенін айыру қиын.

Президенттік клиниканың Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының (бұдан әрі - СӨСҚО) міндеттерінің бірі - халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Осылайша, СӨСҚО қызметкерлері Президенттік клиникаға тіркелген халықты денсаулықты нығайту және аурулардың, оның ішінде COVID-19 профилактикасы мәселелері бойынша хабардар етуді тұрақты түрде жүргізеді. Мұндай сессиялар түсінікті тілде, көрнекі мысалдармен, тек сенімді дереккөздерге сілтеме жасай отырып өткізіледі.

Егу науқаны басталғаннан бері Орталық тіркелген халықпен ZOOM-конференция форматында вакцинациялаудың пайдасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қызметкерлер:
  • вакцина алудың маңызы
  • вакцинациялауға жататын адамдар
  • COVID-19 вакцинациясына қарсы көрсеткіштер
  • вакцинация алмаған жайдайдағы қауіп және т.б. туралы баяндайды. Сондай-ақ, ҚР аумағында қолданылатын вакциналар туралы барлық сұрақтарға жауап береді.
2021 жылғы 12 мамырда ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлерімен өткен осындай ZOOM-конференциялардың бірінің кері байланысы пандемиямен күресте жүргізілген түсіндіру жұмысының маңыздылығын көрсетті, бұл АРД директоры Б.И. Алтынбекованың алғыс хатында көрініс тапты.

СӨСҚО қызметкерлері осындай конференцияларды Президенттік клиникаға тіркелген контингентпен ғана емес, ҚР тұрғындарымен де өткізетінін атап өткен жөн.

Осылайша, 2021 жылдың 5 мамырында Гүлнар Турдунова «Дұрыс тамақтану – аурулардың алдын алу негізі» тақырыбында вебинарға спикер ретінде Семей медициналық университеті КЕАҚ-на шақырылды, сондай-ақ 2021 жылдың 27 мамырында COVID-19 вакцинациясы туралы өзекті тақырыпқа ZOOM-конференциясын өткізді.

96.png