Сапар аясында делегация өкілдері кардиохирургия, нейрохирургия және көз микрохирургиясы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Делегация құрамы:
- Пьер Анхури (Кюри институты) - медицина ғылымдарының докторы, Кюри институтының халықаралық қатынастар жөніндегі директоры
- Алексис Бурнод, (Кюри институты) - жедел жәрдем дәрігері, Кюри институтының халықаралық қатынастар жөніндегі директорының орынбасары
- Жером Сустье (СЗМ және Кюри институты) - CЗМ президенті www.c3medical.com және Кюри институтының халықаралық даму бөлімінің бастығы
- Александра Тиркюир-Менс - ҚР-дағы Франция Елшілігінің мәдениет мәселелері жөніндегі атташесі
- Адель Абенова – «Денсаулық Қазақстан-Өзбекстан ИЖОҚ» жауапты тұлға.