Басты бетӨкпеңізді сақтаңыз: өкпе ауруларының алдын алуға арналған бірнеше кеңес

Өкпеңізді сақтаңыз: өкпе ауруларының алдын алуға арналған бірнеше кеңес

Өкпеңізді сақтаңыз: өкпе ауруларының алдын алуға арналған бірнеше кеңес
2021 жылғы 17 мамыр Пульмонолог күні атап өтіледі! Біз дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Сонымен қатар, күнделікті өмірде өкпені сақтауға қатысты кеңестерімізбен бөлісеміз.

1. Шылым шекпеу.
Шылым шегу - өкпенің қатерлі ісігі мен созылмалы обструктивті өкпе ауруының басты себебі.

2. Орынжайларда және далада ауаны ластаушылардың әсерінен аулақ болу
Ластанған ауа көздері:
  • әр түрлі отынды жағу
  • шылым шегу
  • түрлі құрылыс материалдары
  • ағаш-жоңқалы тақталардан жасалған жиһаз
  • тұрмыстық тазалау құралдары
  • радон
3. Инфекциялардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау
Әсіресе, бұл туралы пандемия кезінде есте сақтаған өте маңызды. Бетперде тағыңыз, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болыңыз, қолыңызды үнемі сабынмен жуыңыз немесе антисептикті қолданыңыз.
Сондай-ақ, біз COVID-19 вакцинациясы арқылы өз денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға шақырамыз.

4. Өз денсаулығыңызды үнемі тексеріп отырыңыз
Кейбір аурулар байқалмауы мүмкін. Сондықтан да тұрақты түрде дәрігердің тексеруінен өту маңызды.

5. Спортпен шұғылдану
Дене белсенділігі, фитнес немесе жай серуендеу Сіздің денеңізге, оның ішінде өкпеңізге оң әсер етеді.

Өз денсаулығыңызды бізбен бірге сақтаңыз!

53.jpg