Бүгін біз Президенттік клиниканың дәрігер-реабилитологы Гүлжан Каиржанова туралы айтатын боламыз
Гүлжан бізге өз мамандығын қалай таңдағаны, қалай реабилитолог-дәрігер болғаны жайлы баяндап өтті:«Бала кезімде әкем көз алдымда микроинсульт алды, мен сол сәттен бастап дәрігер боламын деп шештім. Мектепті бітіргеннен кейін, ҚазММА-ға оқуға түстім, оқуды белсенді кәсіби спортпен ұштастырдым, Джиу-Джитсу бойынша I дан қара белдік иегерімін. Осылайша, менің өмірімде медицина мен спорт қатар жүрді, бұл мені медициналық оңалту саласына алып келді".
Гүлжан бізге өзінің жұмысы туралы, ойлануға жетектейтін екі жағдай туралы айтып берді:
«Менің тәжірибемде болған 2 жағдай қатты әсер етті. Жақында бізде миына ауыр операция жасалған қыз оңалтудан өтті. Мен оның сауығып кетуге деген ықыласына таң қалдым: бұл бізге «оны аяғынан тік тұрғызуға» және одан әрі оңалтуды жалғастыруға көмектесті.
Екінші жағдай, маған адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі ғажайыптар жасай алатындығын көрсетті. Инсульт алған науқастың жолдасы үнемі жанында болды: ол жан-тәнімен оған қамқорлық көрсетті. Олар бірге еңбектеніп, біртіндеп қалпына келуге ұмтылды. Мұны көру өте маңызды».
Біз Гүлжанның бос уақытында немен айналысатындығы және неге әуестенетіні туралы білуді шештік:
«Қазір бау-бақша өсіруге қызығып жүрмін. Алмұрт, алма, шырғанақ отырғызбақшымын.
Фитнеспен айналысамын. Оған қоса ағылшын оқып жатырмын. PhD-ге тапсырып, өзімді сынап көргім келеді. Ғылым - бұл маңызды. Адам қандай да бір құбылыс белгілі қағида бойынша болады деп ойлауы мүмкін, ал ғылыми тұрғыдан дәлелденсе, оның себебі басқада екенін түсінуге болады».
Гүлжанның ұстанатын өмірлік ұстанымы - неміс ақыны Генрих Гейненің дәйексөзі екен:
«Мен білетін жалғыз сұлулық - бұл денсаулық».