Барлық жерде бүгінгі күн Демікпемен күрес күні болып саналады. 2021 жылы атаулы күн демікпе туралы жаңсақ түсініктерді әшкерелеуге арналған.
Сондықтан да бүгін біз сіздермен осы ауру туралы жаңсақ түсініктермен бөлісеміз және олар туралы шындықты айтамыз.
Жаңсақ түсінік:
"Демікпе - бұл балаларға тән ауру. Адамдар жасы өскен сайын, ол аурудан құтылады".
Демікпе кез-келген жаста пайда болуы мүмкін.
Жаңсақ түсінік:
"Демікпе жұқпалы".
Демікпе жұқпалы емес. Алайда, мысалы, суық тию және тұмау сияқты вирустық респираторлық инфекциялар демікпені қабындыруы тудыруы мүмкін.
Жаңсақ түсінік:
"Демікпесі бар науқастар спортпен шұғылданбауы керек".
Ауруды үнемі бақылауда ұстаған жағдайда, демікпесі бар науқастар спортпен, тіпті кәсіби спортпен де айналыса алады.
Жаңсақ түсінік:
"Демікпе тек стероидтердің жоғары дозаларымен емделеді".
Көбінесе демікпені төмен дозалы ингаляциялық стероидтармен емдеуге болады.
Өз денсаулықтарыңызды бізбен бірге сақтаңыздар!